"Ту өзгермесін". Қырғызстандықтар рәміздің жаңаруына қарсылық танытты

2867
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_4291-960x500.jpeg?token=081aee362507920f1c612354b4465333
Қырғызстандықтар мемлекеттік тудың өзгеруіне қарсылық білдіріп, президенттің Instagram парақшасына шабуыл жасады, деп хабарлады "Адырна" тілшісі kaktus.media-ға сілтеп. Соңғы бірнеше аптада қырғызстандықтар Садыр Жапаровтың Instagram-дағы жазбаларының астына Қырғызстан туын өзгертпеуді талап етіп, пікірлер қалдыруда.
"Мен тудың өзгеруіне қарсымын!", "Қырғызстанның ең әдемі өзгермесін!", "Қырғызстан халқы тудың өзгеруіне қарсы!", - деп түрлі пікірлер қалдыруда.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған. Алайда туды өзгертуге 80 депутат қатысып, 66 депутат қолдап, 8 депутат қарсы болғанын жазған едік.
댓글
기타 기사