165 миллиард. Абай облысындағы өрттен келтірілген залал есептелді

3296
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/izobrazhenie_2023-07-13_102544819-960x500.png?token=4253462b69a06d48272121ce7b3b7e76

Экология министрлігі Абай облысындағы өрттен келтірілген залалды есептеді. Шығын  165 миллиард теңгеден асқаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің, Экология министрлігінің қатысуымен жүргізілген қызметтік тергеуде толық залал 165 миллиард теңгеден асқаны анықталды. Өртенген орманның ауданы – 6 миллион текше метр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев шығын сомасы неге сонша үлкен екенін түсіндірді.

Шындығында, ол қалай есептелді? 30 миллиард – бұл тікелей залал, өртенген ағаш, техника кіреді, ал шамамен 130 миллиард – бұл орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе төмендеуі. Тікелей келтірілген залал 160 миллиард теңге көлемінде, – деп түсіндірді Нысанбаев ОКҚ брифингінде.

댓글
기타 기사