ҰҚК Ақтөбеде діни радикалдардың ұсталғанын хабарлады

4416
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/77faac27ac1a274b3a979826fe54addf_1280x720-1.jpg
2023 жылғы 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни ұяшықты бейтараптандырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме көрсете отырып.  Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді. Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사