Қырғызстанның Нарын облысына қар түсті. Алғашқы қардың жауғаны жайлы қырғыз-қытай шекарасына жақын тұратын куәгерлер мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Кактус Медиа порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жолдар мен көліктердің қар жамылған видеосы тарады.
https://www.youtube.com/watch?v=QwDAaeYtfVo
Бұған дейін Қырғызгидромет 27 тамыз күні түстен кейін және 28 тамызда аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбырдың қарға ұласатыны, кей жерлерде жауын-шашын қарқынды болады деп ескертті.
Еске сала кетейік, жақында ШҚО Катонқарағай ауданы, Мұзтау маңындағы «Нижний лагерь» кемпингінде алғашқы қар жауды.
"Адырна" ұлттық порталы