Шахтадағы бесінші кеншінің денесі табылды. Қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды

4410
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/5ef9da58-b1ec-4863-9594-f340ef77136c-960x500.jpeg?token=44debc42bed6a5e495c209c2ed7e4417

"Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды. Бұл туралы Қарағанды қаласы әкімдігі мәлімдеді және қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаза тапқандардың тізімі:

1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;

2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;

3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.

"17 тамызда Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт болып, салдарынан 5 әріптесіміздің қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның сайтында.

Еске салайық, "Қазақстан" шахтасындағы оқиға 17 тамыз күні таңертең болды. Өрт конвейер лентасынан шыққан. Өрт кезінде беттерде 227 адам болған. Кейін 222 адам жер бетіне шығарылды.

댓글
기타 기사