"Бауырлар, біз біргеміз": Қазақ елінің құтқарушылары Түркияның Газиантеп қаласына жетті

4267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/72b23e57-f276-43cd-b612-77b643baf4da-2.jpg
Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР ТЖМ арнасына сілтеме көрсетіп. Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде. Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사