Жастар саясаты басқармасына жаңа басшы келді

205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/efdKuwC3ZqpZuSwTXk4AEdXbl0fudoBLbfkci0hd.jpg

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мирас Нысаналиев Жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна".

Мирас Нысаналиев 1985 жылғы 12 наурызда дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «ФА Альянс Финанс Алматы» ЖШС-де қаржы кеңесшісі болып бастаған. 2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.

2010–2016 жылдары Әуезов ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды. Ал 2016–2020 жылдары Наурызбай ауданы әкімінің аппаратын басқарған.

2020–2026 жылдары Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Кейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары болды.

Айта кетейік, бұған дейін Жастар саясаты басқармасының басшысы болған Әзиз Қажденбек кеше Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

댓글
기타 기사