Нариман Құрбанов халықаралық турнирде топ жарды

601
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xq8w9Yj9YBtvyQrlm4JW7nhROnUVFhmWmYjxtTvd.jpg

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы 25 қарашада ҰОК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.

Ресей өкілі Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды. Ал оның жерлесі Даниел Маринов 13,866 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

댓글
기타 기사