Түркістанда білім беру саласында жаңа тәсілдерді енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bIT6qOyhMfx77BsLDdVsZcmvN6EMgyUsNZ1F6XfG.jpg

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев білім саласына қатысты тың идеялармен келген топпен  кездесті. Топ құрамында баспагер Гаухар Саймасаева, TopIQ IT компаниясының басшысы Анель Баталова, Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші-монументалист, «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітап-альбомы суретшісі Дәурен Қастеев болды.

Кездесуде білім беру саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен инновациялық жобалар талқыланды.

Кездесу барысында «TopIQ: Smart Class 2.0» жобасының мүмкіндіктері таныстырылды. Аталған жоба оқушылардың білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге, оқу процесін дараландыруға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған.

Кездесу қорытындысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

댓글
기타 기사