Ыстықкөлдегі «Қазақстан» санаторийіне «5 жұлдыз» санаты берілді

50
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8GFVrq668YUYOrNGh0qUff0iF93y1WuUHfYhBg80.jpg

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Қазақстан» санаторийіне Қырғыз Республикасының орналастыру орындарын мемлекеттік жіктеу жүйесі бойынша «5 жұлдыз» санаты берілді.

Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында орналасқан жаңартылған кешен осы жылдың желтоқсан айында қонақтарды қабылдауды жоспарлап отыр.

Жоғары санат Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттік берген № 002 ресми куәлікпен расталды.

Санаторий 17,5 гектар аумақта орналасқан. Жаңартылған кешенде тұрғын корпустар, коттедждер және медициналық блок қарастырылған. Кешеннің инфрақұрылымына жабық бассейн, термалды минералды суы бар бассейн, спорт алаңдары мен балалар аймағы кіреді. Сонымен қатар меймандарға төрт мезгіл тамақтану ұйымдастырылған.

Санаторий қызметінің жеке бағыты – сауықтыру бағдарламалары. Олар дәрігерлердің ұсынымдары мен қонақтардың денсаулық жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, әр адамға жеке таңдалады. Қарастырылған емдік процедуралардың қатарында термалды минералды су қосылған емдік ванналар, Жырғалаң кен орнының емдік балшығымен аппликациялар жасау, физиотерапия, массаж және емдік дене шынықтыру бар.

«Қазақстан» санаторийінің тарихы тереңде жатыр: Ыстықкөлде 1962 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл орын Қазақстан тарихымен де тығыз байланысты. Санаторий аумағында Қонаев аллеясы мен Дінмұхамед Қонаев демалған саяжай сақталған. Бүгінде саяжай ғимаратында музей-үйі орналасқан.

«5 жұлдыз» санатының берілуі санаторийдің дамуындағы маңызды кезең болды. Жаңартылған кешен Ыстықкөл жағалауында демалу мен сауықтыру мүмкіндіктерін ұштастыра отырып, жыл бойы жұмыс істейтін болады.

댓글
기타 기사