Зеленский ресейлік әскери кемеге шабуыл жасағанын растады

167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KJaWuwc7Zq9nRziOvNjHSCobUhsQ1RCtCd6vTAQ7.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Ливия жағалауында украиналық күштердің арнайы операция жүргізгенін мәлімдеді. Операция барысында Ресейдің «Меркурий» корветі суға батырылып, MV ANGARA құрғақ жүк кемесіне соққы жасалған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зеленскийдің айтуынша, украиналық әскери күштер отандық өндірістегі жеті теңіз дронын пайдаланған. Сондай-ақ корветпен бірге Ка-27 әскери тікұшағы да жойылған.

«22 және 23 қарашаларда операцияның барысы туралы егжей-тегжейлі есептерді тыңдадым. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді», – деп жазды Украина президенті.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, Ресей тарапы MV ANGARA құрғақ жүк кемесін қару-жарақ тасымалдау үшін пайдаланған. Ол Украина белгілі бір теңіз аймақтарында операцияларын жалғастыратынын атап өтті.

Еске салайық, 23 қарашада Ливияда ресейлік әскери кемеде жарылыс болғанын жазған едік.

댓글
기타 기사