Моңғолия хуралы президент отставкасы туралы бүгін шешім қабылдайды

46
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IVfZSO54lRvSFIIK5YOpQY2vSU6TCyrEJailIput.jpg

Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының бейінді комитетінің отырысында мемлекет басшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды "Адырна". 

Tass дерегінше, 18 қарашада депутаттар осы тақырып бойынша бірқатар сұрақ қойғанымен, нақты әрі толық жауап ала алмады.

Отырыстан кейін президент Ухнаагийн Хүрэлсүхтің отставкаға кету туралы ұсынысы дауысқа салынды. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың 77,8 пайызы бұл бастаманы қолдады.

Бұған дейін мемлекет басшысы президенттік міндетінен өз еркімен бас тартып, беделін қалпына келтіруге күш салатынын мәлімдеген еді.

Бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім бейсенбі күні өтетін ұлы мемлекеттік хуралдың жалпы отырысында қабылданады.

댓글
기타 기사