Ормұз бұғазында ірі танкер мен газ тасымалдайтын кеме жарылып, өртенді

213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BUrbTQi0AH4f22M6coz6e5EJbNgsOV4luiyKlqN.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалған

Ормұз бұғазында 2 миллион баррельден астам мұнай тасымалдаған супертанкер мен сұйытылған газ таситын кеме теңіз миналарына жарылып, өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кемелер сейсенбі күні жарылғыш заттарға тап болған. Супертанкер бұғаздың батыс бөлігінде, ал газ тасымалдайтын кеме Иран рұқсат етпеген оңтүстік бағыттағы теңіз жолында жарылған.

Иран әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, оқиға кезінде кемелерді АҚШ-тың көптеген әскери ұшағы және өзге де әуе аппараттары сүйемелдеген.

Алайда кемелердің қай елге тиесілі екені, экипаж мүшелерінің жағдайы және оқиғадан кейінгі шығын көлемі туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.

댓글
기타 기사