Каспийдегі қолайсыз ауа райы. Кемелерге ескерту жасалды

85
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YM7D1RvMkjPbcRwsm8TTKpGhSCVyasiUHY5vQPns.jpg

Фото ЖИ-мен жасалған

Әзербайжанның мемлекеттік теңіз және порт көлігі агенттігі Каспий теңізіндегі қолайсыз ауа райына байланысты кемелерге ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Report агенттігінің хабарлауынша, теңіз акваториясында солтүстік-батыс және солтүстік бағыттағы жел ертең басталып, 16 қараша күні түске дейін жалғасады.

Болжам бойынша, осы кезеңде желдің жылдамдығы секундына 18–23 метрге, кей жерлерде 25–30 метрге дейін күшейеді. Ал ашық теңізде жел екпіні 32–35 м/с-қа жетуі мүмкін.

Толқын биіктігі 3–4 метрге дейін көтеріліп, ауа райы одан әрі нашарлаған жағдайда 5,5–7,5 метрге жетуі ықтимал.

댓글
기타 기사