«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымның төрағасы Әзербайжан президентін құттықтады

235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L148faEINxZJ3IUFPmOY0FoERmoXjY2Hx3CbPH6M.jpg

«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымның төрағасы, ҚР Парламент Мәжлісінің VII шақырылым депутаты Әбілфас Хамедовтың Әзербайжан Республикасының ұлық мейрамы - Жеңіс күніне орай мәлімдемесі

Биыл Әзербайжан мен күллі түркі жұрты Қарабақ жеңісінің 6 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Күллі әлемге аян болғандай 44 күнге созылған Отан соғысында қол жеткізілген бұл тарихи жеңіске Әзербайжан Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Ильхам Әлиев пен әзербайжан шейіттері мен ардагерлерінің ерлігінің, әзербайжан халқының бірлігі мен ынтымағының арқасында қол жеткізілді.

Бұл Жеңіс – ұлттық мақтаныш пен тарихи әділеттіліктің қалпына келуінің символы болып табылады.

Осы бір қастерлі күнде біз де Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығы жолында жанын қиған шейіттердің жарқын рухына тағзым етіп, олардың ерлігін аса терең құрметпен еске аламыз.

44 күнге созылған Отан соғысы процесінде әзербайжан халқы бір жұдырықтай жұмылып, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. 

Осы бір атаулы күнге орай Қазақстандағы әзірбайжан халөы және өзімнің атымнан Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті және барша әзербайжан халқын 8 қараша – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл тарихи оқиға ұзақ жылдарға созылған қақтығыстың аяқталуына жол ашып, өңірде бейбітшілік, өзара түсіністік пен тұрақтылықты нығайтудың берік негізін қалады.

Әзербайжан халқының даналығы мен мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің көреген саясатының арқасында бүгінде өңір бейбітшілік пен тұрақтылық кеңістігіне айналды.

Құрметті Ильхам Гейдарұлы!
Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз!

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізге толағай табыс, ал әзербайжан халқына баянды бейбітшілік пен өркендеу тілеймін.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Сіздің дана әрі беделді басшылығыңыздың, сондай-ақ жүргізіп отырған стратегиялық бағытыңызға бүкіл халықтың қолдауының арқасында Әзербайжан БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттары мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес өзінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, мемлекеттілікті нығайту мен орнықты даму тарихында жаңа белес ашты. 
Өз кезегінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар қарқынды дамып келеді.

Екі ел арасындағы бауырластықтың жарқын үлгісі ретінде 2021 жылдың 10-12 қыркүйегі аралығында Қазақстанның парламенттік делегациясы Әзербайжан Республикасына, соның ішінде Шуша және Қарабақ аймағына ресми сапармен барды. ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған делегация құрамында әріптестерім  Дархан Мыңбай мен Әмірхан Рақымжановпен қатар өзім де болдым.
Әзербайжан парламентінің өкілдерімен өткен екі жақты кездесулерде Қарабақ пен Шуша қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, қазақстандық компаниялардың бұл аймақты қайта құруға қатысу мүмкіндіктерін талқыладық. 

Осындай жарқын әрі тарихи кездесулердің маңызына назар аудара отырып, біз - «Қазақстандағы әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымы ретінде бауырлас әрі одақтас ел арасындағы ынтымақтастың қарқынды дами беруіне шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!


Әбілфас Хамедов
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымның төрағасы

댓글
기타 기사