Шымкенттік мергендер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pRWXPzHf8vkySEuGYJXuC6MHcw8rraiMGz0dfHF0.jpg

Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан тұңғыш әлем чемпионаты аяқталды. Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеге әлемнің 38 елінен 690 спортшы қатысып, мергендік шеберліктерін сынға салды.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте бірнеше алтын медаль иеленді. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшылары да жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, шымкенттік мергендер командалық сайыста 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Ал жекелей сында «Пута» нысанасы бойынша бақ сынаған Жәнібек Құлмырзаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, алғашқы әлем чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары жалпы саны 5 медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті.

Айта кетейік, халықаралық жарыста Шымкент қаласының намысын Мақсат Әбдікәрімов, Сабира Жаппар, Жәнібек Құлмырзаев, Манзура Есенова және Забит Сатоев қорғады.

Шымкенттік спортшылардың бұл жетістігі дәстүрлі садақ атудан елімізде қалыптасқан мергендік мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте танытты.

댓글
기타 기사