Президент Тоқаев Болгарияның жаңа басшысын құттықтады

91
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DzWBYJBSDuNJNjPREXY6Y9w9eE4pawv1wU3hMvKd.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президент құттықтау жеделхатында Илияна Йотованың сайлаудағы жеңісі Болгария халқының оған деген жоғары сенімі мен елдің дамуына бағытталған бастамаларын қолдауының айқын көрінісі екенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияның жаңа президентіне жауапты қызметінде табыс, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, 1 қарашада Болгарияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Илияна Йотова сайлаушылардың 57,5 пайыз қолдауына ие болып, жеңіске жетті. Осылайша, ол Болгария тарихындағы алғашқы әйел президент атанды.

댓글
기타 기사