Тау басындағы азап. Альпинист 2600 метр биіктікте жалғыз қалған

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9m1ZofSfQ5SnCtR9VLks3HX1Rhm8MfUtt341XtDv.webp

Шығыс Альпіде Германияның 20 жастағы альпинисті 2600 метр биіктікте қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оны өзін жайсыз сезінгеннен кейін бірге тауға шыққан екі серігі жалғыз қалдырып кеткен.

Австрияның Зальцбург қаласындағы таудан құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні болған. Үш неміс альпинисті ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Кенигсйодлер бағытымен өрмелеуді бастаған.

Алайда кешкі уақытта шамамен 2600 метр биіктіктегі қауіпті учаскеге жеткенде, олардың бірі әрі қарай қозғала алмай қалған. Қалған екі альпинист жолын жалғастырып, 2941 метр биіктіктегі «Матраshaus» тау панасына жеткен.

Көмексіз қалған 20 жастағы жігіт кешкі сағат 19:00 шамасында төтенше жағдайлар қызметіне өзі хабарласқан. Қарлы боран мен ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқару тікұшағы бірден көтеріле алмаған. Мамандар альпинистке шамамен сағат 23:00-де жеткен.

Құтқару операциясы 14 сағатқа созылған. Ал өз серігін тауда қалдырып, өздігінен төмен түсуге әрекеттенген екі альпинистке мамандар Биргкар қауіпті учаскесі арқылы түсуден бас тартуға кеңес берген.

Оқиғадан кейін Австрияның Альпі полициясы тергеу жұмыстарын бастаған.

댓글
기타 기사