Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Бұл туралы 2 қарашада Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сапар барысында мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көрмек.
Бұдан бөлек,президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.
