Зеленский Германияның ең жоғары марапаттарының біріне ие болды

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/77cA5WKDZI7DIu0csEPdQj7VTEMyWzbGiBhSmVFw.webp

Украина президенті Владимир Зеленскийге Гессен жерінің ең жоғары наградасы — Вильгельм Лойшнер медалі табысталды. Бұл туралы DW басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәліметке сәйкес, билік бұл награда арқылы оның «Украинаның аумақтық тұтастығы, бостандығы мен демократиясы жолындағы тынымсыз күресін» атап өтуді ұйғарған.

Медаль жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Гессен Конституциясы күніне орай беріледі. Биыл бұл награда Владимир Зеленскийге табыстау туралы шешім қабылданған. Бұл туралы Гессен премьер-министрі Борис Райн мәлімдеді. Оның айтуынша, марапат бүкіл украин халқына арналады.

Айта кетейік, Вильгельм Лойшнер медалі — Украина президентінің Германияда алған алғашқы наградасы емес. 2023 жылғы мамырда Ахен қаласында Зеленскийге және украин халқына Карлдың халықаралық сыйлығы табысталған.

Ал биылғы ақпанда Зеленский Мюнхендегі 62-ші халықаралық қауіпсіздік конференциясында (MSC) Эвальд фон Клейст атындағы сыйлықты иеленген.

Басылымның жазуынша, Вильгельм Лойшнер — Германиядағы Қарсыласу қозғалысының мүшесі. Ол 1944 жылғы 20 шілдеде Адольф Гитлерге жасалған қастандық әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін өлім жазасына кесілген.

댓글
기타 기사