Данил Васильев шаңғымен трамплиннен секіруден тарихи жетістікке қол жеткізді

74
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AAcrBBScHLnSL1B4d8ryFe4wA5c5nIvvA2nmwPtd.webp

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық шаңғымен трамплиннен секіруші Данил Васильев жазғы Гран-придің жалпы қорытындысында үшінші орынға ие болды. Бұл нәтиже еліміздің осы спорт түріндегі тарихи жетістіктерінің бірі ретінде бағаланып отыр, деп хабарлайды "Адырна".

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, маусымның соңғы кезеңі Германияның Клингенталь қаласында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Данил Васильев 201 ұпай жинап, жалпы есепте үздік үштікке енді.

Бас жүлдені 450 ұпаймен жапониялық Наоки Накамура иеленді. Ал екінші орынға 216 ұпай жинаған австриялық Даниэль Чофениг тұрақтады. Швейцариялық Грегор Дешванден 196 ұпаймен төртінші сатыға жайғасты.

Осылайша, Данил Васильевтің жазғы Гран-при маусымын үшінші орынмен аяқтауы Қазақстанның шаңғымен трамплиннен секірудегі маңызды тарихи нәтижесі болды.

댓글
기타 기사