Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты

78
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/73xMqOFeMVLfAmDh5T93Q8HmTHadI1IryMaCuT8R.webp

Фото: Report

Түркияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жол апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алды. Бұл туралы Report жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады, деп жазады “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы Маниса провинциясының Акхисар ауданында болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жеткен.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

댓글
기타 기사