35 жыл бұрын. Тәуелсіздік қарсаңында ғарышқа қазақ ұшқан күн

225
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0Qreg7L0hyi6RBOsLHovc1xNuqxdXSI9NZvPVjI7.webp

1991 жылғы 2 қазан — Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Осы күні қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды.

Оның ғарышқа ұшу дайындығы 1991 жылғы 2 сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер даярлау орталығында басталған. «Союз ТМ-13» экипажында Тоқтар Әубәкіровпен бірге кеңестік ғарышкер Александр Волков және австриялық Франц Фибек болды. Экипаж «Мир» орбиталық кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеп, 10 қазанда Жерге оралды.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылғы 27 маусымда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1979 жылы авиация институтын тәмамдаған. 1969–1975 жылдары әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі және эскадрилья командирінің орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін ұшқыш-сынақарына аттанды.

1988 жылы Әубәкіров ұшаққа әуеде екі рет жанармай құю арқылы ұзақ қашықтыққа ұшу тәжірибесін жүзеге асырды. Ол 50-ден астам жаңа реактивті ұшақ түрін сынақтан өткізген.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына қабылданып, 1991 жылы тарихи ғарыш сапарына аттанды.

Тоқтар Әубәкіров – Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор және бірқатар мемлекеттік әрі халықаралық марапаттардың иегері.

댓글
기타 기사