ҚТЖ - 1 қазаннан бастап пойыз билеті 10 пайызға арзандады

202
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fflBCIwivV5af1FT3hyrv2pCXcVYdzohlpgsjtV7.jpg

Қазақстанда 1 қазаннан бастап теміржол билеттерінің құны 10%-ға төмендеді. Жеңілдік 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.  Бұл туралы «ҚТЖ» баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 10%-дық жеңілдік компания пойыздарындағы вагондардың барлық түріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға да қатысты.

Билеттерді жеңілдетілген бағамен bilet.railways.kz сайты және теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

댓글
기타 기사