Дубайдан ұшқан ұшақ "басып алу" белгісінен кейін жоғалып кеткен

82
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/j41NvWXUVlg0n16qOxXBMvIQUdRrCp4waA3ZQlb8.jpg

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai әуе компаниясының ұшағы ұшу кезінде төтенше жағдай белгісін беріп, бағытын өзгерткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ мәліметінше, ұшақ Иордания аумағының үстінен бұрылып, Сауд Арабиясы бағытына қарай бет алған. Бортта шамамен 180 жолаушы болған. Олардың 100-ге жуығы Израиль азаматтары.

Ұшу барысында экипаж алдымен жалпы төтенше жағдайды білдіретін 7700 кодын, кейін заңсыз араласу немесе әуе кемесін басып алу қаупін білдіретін 7500 кодын жіберген. Осыдан кейін ұшақтың бағыты өзгеріп, біраз уақыттан соң онымен байланыс үзілген.

Оқиғаға байланысты Израиль билігі шұғыл кеңес өткізген. Ұшақты күтіп алуға жойғыш ұшақтар жіберілгені хабарланды.

Кейін әуе кемесінің Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше сигналдың берілуіне ұшақ бортындағы төбелес себеп болуы мүмкін.

Израильдік БАҚ мәліметінше, Flydubai әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Сауд Арабиясына сәтті қонған. 

댓글
기타 기사