Германияның қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды “Адырна”.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германияның федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.
Салтанатты рәсім барысында құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Рәсім аяқталған соң мемлекет басшылары Германия федералдық президентінің резиденциясына аттанды. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
