Желіде тараған әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпарат жалған екені анықталды

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Myp7KZIPZQ60dG9wEASRZwtWosxmZ61rebLSlDRV.jpg

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Алайда аталған мәлімет ресми түрде расталмады.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының хабарлауынша, Facebook әлеуметтік желісінде әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпаратты бұрмалап тарату әрекеті тіркелген.

Орталықтың мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі ұсынған ақпаратта әскери қызметшінің қаза болғаны туралы дерек расталмаған.

Осыған байланысты Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың түпнұсқалығын тексеруге және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге ғана сүйенуге шақырды.

Сондай-ақ Орталық ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратты таратуға жол бермеу қажеттігін ескертті. Дәйексіз ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Азаматтарға әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сақтықпен қарап, маңызды мәліметтерді тиісті мемлекеттік органдардың ресми ресурстарынан тексеру ұсынылады.

댓글
기타 기사