«Әскери қызметін атқарып жүр». Жоғалды делінген матростар туралы мәлімет

291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/czEeMx2IslP6CvvU0mcseuLxnqMLltLgd64g4U48.webp

Қорғаныс министрлігі 24 қыркүйекте Ақтаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде жоғалып кетті деген матростарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, өздеріне жүктелген оқу міндеттерін орындаған.

«Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметкерлер тобының құрамында болды. Қазіргі уақытта аталған әскери қызметкерлер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр. Азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенуге шақырамыз»,– делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін екі матростың тағдыры жөнінде нақты мәліметтің жоқтығы қоғамда алаңдаушылық туғызған еді.

댓글
기타 기사