Министр теңіздегі трагедиядан соң бірінші рет бой көрсетті

150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5hOaFNyVYkV1lIJmnuUM1ZrFS5xUagUWmjNpSa68.jpg

ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Жалпыұлттық аза тұту күні үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна".

Ол қаза тапқан жауынгерлердің жақындарына көңіл айтып, Қорғаныс министрлігі жауапкершіліктен жалтармайтынын атап өтті.

«Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз», - деді ол. 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкеткен. Олар Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырма орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 14 әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылды. 

Қайғылы оқиғадан кейін 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған.

댓글
기타 기사