БҰҰ-да президенттің перзенті сөйлейтін күн туды. Мирзиеева Аралды да айтты

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rmT1d6VGNM22TkkjvxutDpt43EMsKOnSCcWob9Tw.webp

Өзбекстан президенті Әкімшілігінің басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталасында сөйледі, деп хабарлайды “Адырна”. 

Ол баяндамасында әлемдегі геосаяси ахуал, БҰҰ-ның рөлі, Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастар, Өзбекстандағы реформалар, экология және жасанды интеллект мәселелерін қозғады.

Мирзиёева сөзін өзбек тілінде сөйлеп, қазіргі әлемдегі соғыстар, геосаяси шиеленіс пен мемлекеттер арасындағы сенімнің төмендеуіне тоқталды. Оның айтуынша, Өзбекстан сыртқы саясатта ашықтықты, көрші елдермен тату қарым-қатынасты және диалогты басым бағыт ретінде таңдаған.

«Ашықтық әлсіздік дегенді білдірмейді. Керісінше, бейбітшілікке ұмтылу – болашақ үшін жауапкершілікті мойынға алу», – деді ол.

Саида Мирзиёева Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге, оның ішінде Арал теңізінің жағдайына да тоқталды. Өзбекстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 54 пайызға жеткізуді, Аралдың құрғаған табанын көгалдандыруды және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуді жоспарлап отыр.

댓글
기타 기사