Дрон салдарынан. Берлиндегі әуежай жұмысын уақытша тоқтатты

267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nSCmyNKhcW2EJ7lRKAWGg5NkczmHtbKKsDOYCnAN.webp

23 қыркүйек күні кешке Берлин-Бранденбург әуежайының жұмысы маңайдан байқалған ұшқышсыз ұшу аппаратына байланысты уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Дрон жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:00-де байқалған. Осыдан кейін Германияның әуе қозғалысын басқару қызметі (DFS) алдымен солтүстік ұшу-қону жолағын, кейін оңтүстік жолағын жапқан. Шектеулер бір сағаттан кейін алынған.

Берлин-Бранденбург әуежайы –Германиядағы дрондар ең жиі тіркелетін әуежай. 2026 жылдың алғашқы алты айында диспетчерлік қызмет мұнда 28 дронды тіркеген. Оның жетеуінде әуежай ұшақтарды қабылдау мен ұшыруды уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Ал 2025 жылы әуежай маңынан сегіз дрон анықталған.

댓글
기타 기사