Рудныйда әйел бесінші қабаттан құлап кетті

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6wTG9MZW1rI5xO7ZUZMMAu7m93N7LDsHJGPOhwQ6.webp

Қостанай облысының Рудный қаласында әйел бесінші қабаттан құлап, дәмхана шатырына түсті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат «112» пультіне түскен. Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, әйелді шатырдан арнайы арқан мен зембіл арқылы түсірді.

Зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды оқыс жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласуға шақырды.

댓글
기타 기사