Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 37 адам эвакуацияланды

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wF9FlUuv1CroP3hyh2KDvk1DVruZLP4IqHnjS73M.webp

Петропавл қаласындағы Шухов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Өрт салдарынан пәтердегі жиһаздар мен жеке заттар зақымдалып, жалын шамамен 7 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар баспалдақ маршы арқылы пәтерден 6 адамды, оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге алып шықты. Бұдан бөлек, түтін тараған қауіпті аймақтан 31 тұрғын, соның ішінде 9 бала эвакуацияланды.

Төтенше жағдай орнына келген өрт сөндірушілер жалынды жедел ауыздықтап, отты толық сөндірді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

 

댓글
기타 기사