Тағы бір алтын! Жоламан Биғабыл Азия ойындарының чемпионы атанды

222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8ZnYfl5VMoxKG7MVCeIZz4J5k9O06lCvtrSh9zv8.jpg

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна».

Финалда Жоламан Биғабыл Өзбекстан спортшысы Хумоюнмирза Халимовпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша қазақстандық каратэші Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұған дейін ол жарыстың ширек финалында Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовты жеңсе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, бұған дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын алса, триатлоншы Арлан Жаңабай қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола медаль еншіледі.

댓글
기타 기사