Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатыр

371
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qQAqoS5DFSjjQ7JDa2p4LYpfIqnHLoOrEPKaKBP0.jpg

Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қазіргі уақытта кешенді ем қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Спортшының сөзінше, ем тек екпемен шектелмейді.

«Қазір ем қабылдап жатырмын. Емді тек егу арқылы емес, толық кешенді ем алып жатырмын. Сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын», – деді Данияр Елеусінов.

Боксшы бұған дейін эфир барысында айтқан сөздеріне де тоқталды. Ол біреуді ренжітіп немесе ауыр сөз айтып қойған болса, кешірім сұрады.

«Бұған дейін біреуді ренжітіп немесе қатты сөз айтып қойған болсам, аса мән бермеңіздер. Кімнің басынан өтпейді? Менің жаман әдетім эфирге шығып кету болды. Бірақ енді мұндай жағдай қайталанбайды», – деді ол әлеуметтік желідегі Stories жазбасында.

댓글
기타 기사