Сәтбаев Ұлттар лигасына Қазақстан құрамасымен қатыспайды

94
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XKaYCiR4foxl6R8E73dE4j11EmqtOG3RbgOeo63X.webp

Шабуылшы Дастан Сәтбаев Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтарына қатысатын соңғы құрамына енбеді, деп хабарлайды "Адырна".

Сәтбаевтың құрамнан тыс қалуына жарақаты себеп болды. Футболшы 2 қыркүйекте Англия Чемпионшипі аясында өткен «Бернли» – «Мидлсбро» матчында (1:1) жарақат алған.

Клубтың медициналық штабының болжамынша, Сәтбаев алаңға қазан айының ортасында оралуы мүмкін.

Бапкерлер штабы жас шабуылшыны бастапқыда Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енгізген. Алайда денсаулығына байланысты спортшы 28 футболшыдан тұратын қорытынды өтінімге қосылмады.

댓글
기타 기사