Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/e0BMEiyUEhSUQvgkqXP0l0mvsDqr4kE8A0vS7ohe.jpg

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағында өрт шықты. Оқиға бүгін Ақмешіт көшесінде болған. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады "Адырна".

Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың шатыры отқа оранған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынды жоғары ранг бойынша сөндірді.

Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен 14 арнайы техника жұмылдырылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

댓글
기타 기사