Бішкек-Арена құрылысына қанша млн доллар жұмсалғаны анықталды

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SnMss9bSJT1GcgTdteWRmnVphb8pRQmVDd061BkP.jpg

Бішкек қаласындағы «Бішкек-Арена» стадионының құрылысына 386 млн доллар жұмсалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов желідегі .

Оның айтуынша, стадионды 60 млн долларға салынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Алагозовтың сөзінше, құрылыс бастапқы кезеңде 30-35 мың көрерменге арналған қарапайым стадион ретінде жоспарланған. Сол кезде оның құны шамамен 60-70 млн доллар болады деген болжам айтылған.

Кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жобаны толық өзгертуді тапсырған. Жаңа жоспар бойынша стадион қырғыздың дәстүрлі киіз үйі үлгісінде салынуы керек болған. Сонымен қатар кешен аумағында сауда орталықтары, мейрамханалар мен дәмханалар, супермаркет, кинотеатрлар, спорт залдары және балалар алаңдары қарастырылған.

Президенттің тапсырмасы бойынша стадион болашақта мемлекет бюджетіне салмақ түсірмей, табыс әкелетін нысанға айналуы тиіс.

Осыған байланысты бастапқы жоба толық қайта қаралып, құрылыс нысанының жалпы аумағы 194 248 шаршы метрге дейін ұлғайтылған.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, стадион құрылысының бір шаршы метрінің құны жобасына қарай 2 мыңнан 15 мың долларға дейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, Камчыбек Ташиевтің бұған дейін айтқан 60-70 млн доллар көлеміндегі сома бастапқыда жоспарланған 30-35 мың орындық қарапайым стадион құрылысына қатысты болған.

댓글
기타 기사