АҚШ өкілдері барып кеткен соң. Киевке шабуыл жасалды

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jAd5FXwBR7TbpoZBaccvBheUzUnuZTtjFjV0FM8K.png

8 қыркүйекке қараған түні Ресей әскері Киевке дрондар мен баллистикалық зымырандар арқылы соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Украина билігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жеткізілсе, екеуінің жағдайы ауыр.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі Киевтің кемінде бес ауданында ғимараттардың қирап, өрт шыққанын хабарлады.

Соломен ауданында бес қабатты тұрғын үйге зымыран сынықтары құлап, ғимарат ішінде адамдар қамалып қалған. Құтқарушылар 10 адамды эвакуациялаған. Голосеев ауданында 26 қабатты ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірі зақымданған. Сондай-ақ оқу орнының аумағында өрт шыққан

Киев облысында да шабуыл салдарынан нысандар зақымданған. Ақпаратқа сәйкес, Бровары, Борисполь, Фастов және Обухов аудандарында тұрғын үйлер, кәсіпорындар, қоймалар мен көліктер бүлінген. Белая Церковь қаласында бір ер адам сынықтардан жараланған.

Шабуыл АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Киевтен кетуінен кейін болды. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский үшжақты «Украина–АҚШ–Ресей» форматындағы келіссөздерге дайын екенін айтқан. Ресей тарапы да мұндай келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқан.

댓글
기타 기사