Қытайда көлік жасау уақыты қысқаруы мүмкін, бірақ билік қарсы

74
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5DsoHguIZGRp3BeTaX7ytPYzTxetskGTjK3BLMri.jpg

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Қытайда жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жаңа автомобильдерді әзірлеу мерзімін бір жарым жылға дейін қысқарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Bloomberg-ке сілтеп.

Қазір Қытайда жаңа көлік моделін әзірлеуге шамамен екі жыл қажет болса, батыс елдеріндегі өндірушілер бұл процеске орта есеппен 3-5 жыл жұмсайды. Мамандардың пікірінше, жасанды интеллект жобалау мен инженерлік есептеулерді жеделдетіп, бұл мерзімді 18 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Алайда Қытай билігі технологиялық процесті жеделдетуге байланысты қауіптерге алаңдап отыр. Елде көліктерді сертификаттау талаптарын қайта қарау мәселесі көтерілді. Бұған дейін электрлі көліктердегі «ақылды» есік тұтқаларына қатысты талаптар күшейтіліп, аккумуляторлар мен жүргізушіге көмек көрсету жүйелеріне қойылатын қауіпсіздік стандарттары қайта қаралған. Биліктің пікірінше, виртуалды модельдеу мен математикалық есептеулер физикалық сынақтардың орнын толық алмастыра алмайды. Осыған байланысты жаңа энергия көздерімен жүретін көліктерді, соның ішінде электромобильдер, гибридтер мен сутекті көліктерді сынау қашықтығы 30 мың шақырымға дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар құзырлы органдар зауыттан шыққан жаңа көліктерге қатысты бір жыл бойы кез келген уақытта тексеру жүргізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Автоөндірушілер мұндай талаптар жаңа модельдерді нарыққа шығаруды баяулатып, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етуі мүмкін деп санайды.

댓글
기타 기사