881 млрд теңге. Полигон жерінде жаңа электр станциясы салынады

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eZVGrR3Q0HvOJ7bn7jZBf0VS0UskvEHwoY87IC6B.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Қазақстан Үкіметі Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Жобаның жалпы құны — 881 млрд теңге, яғни шамамен 1,9 млрд доллар.

Электр станциясы әрқайсысының қуаты 350 МВт болатын екі энергоблоктан тұрады. Оларды 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін станция жылына 5 млрд кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады. Сонымен қатар шамамен 4,4 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Станция заманауи бу-күштік қондырғылармен жабдықталады. Олар жоғары қысым мен температура жағдайында жұмыс істеуге бейімделген. Жобада «таза көмір» технологияларын қолдану қарастырылған.

댓글
기타 기사