Тежегіш емес, газды басқан ба? Оқушы джиппен үйдің қоршауына соғылды

196
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QpMU4zw92htnuC9AJ505cwHHRDM41UHlOjZhvnVl.webp

Алматыда мектеп оқушысы Nissan Patrol көлігінің тізгініне отырып, жеке үйдің қоршауын қиратып кетті, деп хабарлайды "Адырна".

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең №106 мектептің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan Patrol көлігінде 10-сыныпта оқитын екі жасөспірім болған.

Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік алдымен жол жиегінде тұрған Toyota RAV4 автокөлігіне соғылып, маңында жүрген балаларды қағып кетуге шақ қалған. Көлік тізгінінде отырған жасөспірім оны тоқтатпақ болғанымен, тежегіштің орнына газ педалін басып кеткен. Соның салдарынан Nissan Patrol жеке үйдің темір қоршауына соғылған.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 10:00 шамасында Түрксіб ауданында болған. Кәмелетке толмаған жүргізуші Тоқтоғұл көшесімен келе жатып, Артиллерия көшесімен қиылысында көлікті басқара алмай қалған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны және оның көлік басқаруына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

댓글
기타 기사