Ресей бидайын сатып алатын елдер саны күрт азайды

194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GA0BWYKjOaCLBhZ9cpBDtETn7vsV6ATo91YsW7GM.jpg

2025 жылғы тамызда Ресей бидайын 43 ел сатып алса, биыл тамыз айында бұл көрсеткіш 16 елге дейін қысқарды. Бұл туралы Ресей астық одағының аналитикалық департаментінің директоры Елена Тюрина мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, тамыз айында Ресей 1,7 млн тонна астық экспорттаған. Оның ішінде 1,3 млн тоннасы бидайға тиесілі.

Жалпы дәнді және бұршақ дақылдарының экспорты бір жыл ішінде 3,5 есе төмендеген. Бидай экспорты 3,8 есеге, ал арпа экспорты үш есеге қысқарған.

Ресей бидайының негізгі импорттаушысы Египет болды. Ел 450 мың тонна бидай сатып алғанымен, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,2 есе аз.

Бангладеш 160,6 мың тонна, Сауд Арабиясы 115 мың тонна бидай импорттаған. Сонымен қатар Нигерияға 52 мың тонна, Израильге 41,5 мың тонна жеткізілген. Нигерия Ресей бидайын сатып алуды төрт есеге, ал Израиль 15,5 есеге қысқартқан.

Сонымен бірге Ресей үшін тамыз айында жаңа экспорттық нарықтар пайда болды. Венесуэлаға 84 мың тонна, Индонезияға 66 мың тонна және Иранға 26,5 мың тонна бидай жөнелтілген.

Шри-Ланкаға Ресей бидайының экспорты 1,7 есеге өсіп, 77 мың тоннаға жетті. Ал Йеменге жеткізілім 8,5 пайызға артып, 53,7 мың тоннаны құрады.

댓글
기타 기사