Құрылтайдағы көпшілік. Жаңа партия депутаттарын атады, экс- депутаттан 24 адам бар

341
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RoweS4GkuUNp3QT9eJEbamSDmoX6UJNzr3xoZp9A.jpg

Бүгін, 27 тамыз күні Астанада Айбек Дәдебайдың төрағалығымен «Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырыс барысында Бюро еліміздің бір палаталы парламентінде депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімін бекітті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тиісті шешім мен партиялық тізім Құрылтайдың бірінші шақырылымы депутаттарын ресми тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданған.

«Депутаттардың 37-сі әйел (33,6%), 13-і жас (11,8%), 2-еуі ерекше қажеттіліктері бар адам (1,8%). 21-і (19%) – өзге ұлт өкілі. Орташа жасы – 46,7 жас»,– делінген хабарламада.

Олардың қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың 4 экс-депутаты бар. Жалпы, Парламентте депутаттық тәжірибесі бар 24 адам бар. Сонымен қатар 10 адам Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 4-еуі Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, 5-еуі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. Тағы 26 адам мәслихат депутаты болып сайланған.

Құрамда әртүрлі саланың мамандары бар. Олардың ішінде 3 эколог, 2 волонтерлік қозғалыс өкілі және IT саласының 4 маманы бар.

Депутаттық мандаттар бөлінген кандидаттар тізімі:

1. Авершин Константин Викторович

2. Адаев Ербол Дәненұлы

3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы

4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы

5. Аймағанова Айжан Талғатқызы

6. Алтай Абай

7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы

8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы

9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы

10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы

11. Амантайұлы Жарқынбек

12. Әбдікешов Алмат

13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы

14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы

15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы

16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы

17. Бәденова Әсел Жанболатқызы

18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы

19. Басин Вадим Борисович

20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы

21. Башымов Марат Советұлы

22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы

23. Беркімбаев Берік Серікұлы

24. Больгерт Евгений Андреевич

25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы

26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы

27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы

28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы

29. Бақытбекұлы Нұркен

30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы

31. Годунова Наталья Николаевна

32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы

33. Данилов Александр Сергеевич

34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы

35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы

36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы

37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

38. Ералиев Бегалы Ералыұлы

39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы

40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы

41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы

42. Елеусізова Бота Серікқызы

43. Ералиев Мағжан Абзалұлы

44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы

45. Жансеңгіров Арман Серікұлы

46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы

47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы

48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы

49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы

50. Зәкиева Динара Болатқызы

51. Имашева Снежанна Валерьевна

52. Қарабасова Лаура Шапайқызы

53. Қаринова Шолпан Таңатқызы

54. Қайырова Әсел Әнуарқызы

55. Қожаниязов Серік Салауатұлы

56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы

57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы

58. Қожаев Марат Шәдетханұлы

59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы

60. Кузиева Замира Закировна

61. Кучинская Юлия Владимировна

62. Қамзабекұлы Дихан

63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы

64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы

65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы

66. Перепечина Ольга Валентиновна

67. Петров Константин Викторович

68. Пономарёв Сергей Михайлович

69. Пулатов Шерзод Аббозович

70. Рамазанова Наталья Сергеевна

71. Рожин Максим Николаевич

72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы

73. Савельева Татьяна Михайловна

74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы

75. Сарым Айдос Әміроллаұлы

76. Смышляева Екатерина Васильевна

77. Сүгірбай Аят Исатайұлы

78. Сулаймонова Русана Русланқызы

79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы

80. Сағынов Замир Садықұлы

81. Себасов Марат Бақбергенұлы

82. Семидоцких Елена Александровна

83. Темірбаева Айжан Маратқызы

84. Тен Ирина Сергеевна

85. Тоқтамұрат Армангүл

86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы

87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы

88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы

89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы

90. Теренченко Илья Сергеевич

91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы

92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы

93. Шапақ Үнзила

94. Шаталов Никита Сергеевич

95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы

96. Щербаков Станислав Александрович

97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы

98. Мұсылманбек Ерқанат

99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы

100. Медеуова Дана Теміртайқызы

101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы

102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы

103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы

104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы

105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы

106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы

107. Халықов Арман Қобыландыұлы

108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы

109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы

110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы

Еске салайық, сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17% дауысын жинап, 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленген еді. Партияны 6,5 миллионнан астам қазақстандық қолдаған.

Бұған дейін еліміздегі төрт саяси партия жаңа Құрылтай құрамына өткен депутаттар тізімін жариялаған еді.

댓글
기타 기사