Жасөспірім суға батқан кішкентай баланы құтқарып қалды

221
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vypkNRK1bb3wFNlUUq4SzCFs1XDBSBqfkPgoJX6B.webp

Қарағандыда 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батып бара жатқан 4 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға тамыз айының басында Бұқар жырау ауданындағы Семізбұға көлінде болған. 4 жастағы бала үрлемелі матраспен суда жүзіп жүрген. Бір сәтте қатты жел соғып, матрас аударылып кеткен. Соның салдарынан бала суға түсіп кеткен.

Сол маңда болған 9-сынып оқушысы Нұралы Әлхан көмекке ұмтылған. Жасөспірім баланы судан алып шыққан.

Нұралының ерлігі әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов оны анасы Самал Абдрахмановамен бірге кездесуге шақырды.

Полиция департаментінің басшысы жасөспірімнің қиын сәтте батылдық танытып, өз өмірін қатерге тіге отырып баланы құтқарғанын атап өтті. Ол Нұралының ата-анасына осындай батыл әрі жанашыр ұл тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында Негмет Исмағұлов Нұралының анасына алғыс хат табыстады.

댓글
기타 기사