«Қазатомөнеркәсіп» Ресей мен Қытайға табиғи уран жеткізу туралы келісімге келді

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SNMqt414Rc1dXQm8ndEL9uqRTnortnF69hQdddtU.jpg

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Ресей және Қытайдағы серіктестеріне табиғи уран жеткізу жөнінде келісімдерге қол жеткізді. Бұл туралы бүгін, 21 тамызда компанияның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» «Росатомның» құрамындағы «Ураниум Уан Груп» компаниясымен Сібір химия комбинатының өндірістік қуаттарына шикізат жеткізу мәселесін келіскен. Келісімшарт жобасы әзірленіп, тараптармен мақұлданған.

Одан бөлек, компания Қытайдың State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited (SNURDC) ұйымымен экспорттық келісімге қол қойған. Жүкті қабылдау пункті ретінде Алашанькоу теміржол станциясы белгіленген.

Коммерциялық құпия талаптарына байланысты жеткізілім көлемі, құны және кестесі жарияланған жоқ.

Келісімдерге қатысты құжаттар «Қазатомөнеркәсіп» акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына ұсынылған.

댓글
기타 기사