Перуде магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

578
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pKZrQ775XOEHHnGChQorY4QRCHwHg5tlZfqjOr4N.webp

Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жерасты дүмпулері 20 тамыз күні Гринвич уақытымен сағат 18:00-де (Астана уақытымен 23:00-де – ред.) тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі оңтүстік ендіктің 14,74 градусы және батыс бойлықтың 73,89 градусы координаттарында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Ел билігі мен табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі органдар зардап шеккендер немесе ғимараттарға елеулі зақым келгені туралы ақпарат таратқан жоқ.

Перу «Тынық мұхитындағы Отты белдеу» аумағында орналасқандықтан, мұнда сейсмикалық белсенділік жиі байқалады. Соңғы онжылдықтардағы ең жойқын жер сілкіністерінің бірі 2007 жылы болды. Сол кезде магнитудасы 7,9 болатын жер сілкінісі негізінен Ика өңірінде сезіліп, 600-ге жуық адамның өмірін қиған еді.

댓글
기타 기사