Ұлдана Мырзуан ісі. Адвокаттың судьяға қарсылығы қабылданбады

427
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EVgZ2LfbIWTLBdgHTiqizS6ChADIxKPehQ1IwPsz.webp

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасы туралы іс бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бүгін сотталушы Сәуле Жұбаниязованың жаңадан қосылған адвокаты Асхат Әлімов судьядан бас тартуды сұрады. Алайда сот адвокаттың судьяны істен шеттету туралы өтінішін қанағаттандырмады.

«Негізгі сот талқылауы барысында сотталушы Ж.-ның қорғаушысы, адвокат Әлімов сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарау кезінде судья Абаеваға қарсылық білдіру туралы өтінішхат берді. Өтінішхаттың негізіне судья Абаеваның өзі берген сот отырысын кейінге қалдыру және қылмыстық іс материалдарымен танысуға уақыт беру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқаны себеп болған. Адвокат іске келісім бойынша тек 20 тамызда кіріскенін көрсетеді. Оның пікірінше, бұл оның қорғауындағы адамның Конституциямен кепілдік берілген қорғану құқығын бұзады, сондай-ақ адвокат ретіндегі құқықтарына нұқсан келтіреді», – деп судья Сембаев өтініштің мазмұнын оқып берді.

Оның айтуынша, бұл жағдайда судьяға қарсылық білдіруге негіз ретінде адвокаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тарту түріндегі процестік шешім қабылданған. Алайда мұны судьяның істің нәтижесіне жеке мүдделілігі деп бағалауға болмайды.

«Мұндай жағдайда қорғаушының пікірі бойынша судья Абаеваны қылмыстық істі қарауға қатысудан шеттетуге негіз болатын мән-жайлар негізсіз деп танылады. Себебі судьяның істің нәтижесіне жеке мүдделі екенін көрсететін жеткілікті дәлелдер ұсынылмаған. Қорғау тарапының судьяның іске мүдделілігі туралы уәждері адвокаттың субъективті пікірі ғана», – деді судья.

 

 

 

 

 

댓글
기타 기사