Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тиісті шешім 2026 жылғы 3 тамызда өткен IBSA Атқарушы кеңесінің отырысында қабылданған. IBSA – көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спортты дамытуға және олардың халықаралық жарыстарға қатысуына жағдай жасауға бағытталған халықаралық ұйым. Федерация құрамына әлемнің 100-ден астам еліндегі ұлттық спорт ұйымдары кіреді.
Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қайрат Боранбаевтың IBSA-ның басқарушы органына мүше болуы Қазақстанның халықаралық паралимпиадалық қозғалыстағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бұл тағайындау халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, көру қабілеті бұзылған спортшыларды қолдауға бағытталған жобаларды дамытуға және Қазақстанның әлемдік параспорт саласындағы бастамаларға белсенді қатысуына жол ашады.
