Иранның жоғарғы көшбасшысының денсаулығы туралы ақпарат тарады

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C4k6YXSNHHVFlFtOHNXC7nwqU2WkBDI5gzYO6hpJ.webp

Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің денсаулығының күрт нашарлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл туралы «Свободный Иран» арнасы хабарлады. 

Дереккөздердің айтуынша, қазір Моджтаба Хаменеи ауыр жағдайда болуы мүмкін. Оның ұзақ уақыт бойы көпшілік алдына шықпауы және жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлермен жеке кездесулер өткізбеуі оның денсаулығына қатысты түрлі болжамдардың күшеюіне себеп болған.

Алайда бұл ақпаратты Иранның ресми билігі әзірге растаған жоқ. 

댓글
기타 기사